2 dynamicair, 3 жылжымалы сөрелер, 4 есік сөрелерін орналастыру – AEG AGS77200F0 Manual del usuario
Página 37

3.2 DYNAMICAIR
Тоңазытқыш камера тағамдарды
жылдам суытып, камера ішіндегі
температураны барынша біркелкі
ұстауға көмектесетін құралмен
жабдықталған.
Бұл құрал қажетті болғанда өздігінен
іске қосылады, мысалы есік
ашылғаннан кейін немесе бөлме
температурасы жоғары болған кезде
температураны жылдам қалпына
келтіреді.
Қажет болғанда құралды қолмен
қосуға мүмкіндік береді ("DYNAMICAIR
функциясы" тарауын қараңыз).
DYNAMICAIR құралы есік ашық кезде
тоқтайды да, есік жабылғаннан кейін
дереу іске қосылады.
3.3 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында
сөрелерді қалауыңызша
орналастыруға арналған бірнеше
бағыттауыш бар.
Орынды тиімді пайдалану үшін
алдыңғы жарты сөрелерді артқы
сөрелерге жатқызып жинауға болады.
3.4 Есік сөрелерін
орналастыру
Әр түрлі мөлшерде оралған
тағамдарды орналастыру үшін есіктегі
сөрелерді түрлі биіктікке қоюға
болады.
ҚАЗАҚ
37